Атырауский высший многопрофильный колледж Болашак

Біз Туралы

«Атырау жоғары көпсалалы «Болашақ»колледжі» жеке меншік білім мекемесінде Білім беру қызметімен айналысуға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті Атырау облысының Білім саласындағы бақылау департаментінің 17.09.2013 жылы № 13014568 берілген бас лицензия және сол бас лицензияға берілген қосымшалары негізінде жүзеге асырылып отыр.

Колледж басшысы Кукембаев Жанболат Туртаевич.

Атырау жоғары көпсалалы «Болашақ»колледжінде нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті  дамытудың 2018-2022 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 желтоқсандағы №919 қаулы негізін басшылыққа алынып,2018-2022 жылдарға  арналған мемлекеттік бағдарламасы іске асыруда. Атырау жоғары Болашақ көпсалалы колледжі Атырау қаласында орналасқан. Жалпы колледжде: 2000 оқушы орны, 2 оқу корпусы, жатақхана бар.

Бүгінгі күні Атырау жоғары көпсалалы «Болашақ»колледжі  16 мамандық бойынша 20  біліктілік оқытылады.

Колледжде Атырау облыстық прокуратурасымен «Қорқытып алушылықпен байланысты қылмыстың алдын-алу» тақырыбында     студенттермен  кездесулер  өткізіліп тұрады. Дебат клубы, КТКклубы, спорт секциялары белсенді жұмыс жасайды.

Колледж студенттерінің  діни сауаттылығын  арттыру,экстремизмнің алдын алу,дәстүрлі құндылықтарды насихаттау мақсатында Атырау  қалалық мешітінің  имамдарының, Діни басқармаларының өкілдерінің қатысуымен  «Дін және біз»,айдарымен семинарлар өткізіліп тұрады.